Жетісу облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ғалиасқар Думан

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әсет Қанағатов облыс басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

Әсет Серікұлы Қанағатов 1977 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген, заң ғылымдарының бакалавры.

Еңбек жолын Алматы облысындағы "Автотехобслуживание" ЖШС-де есепші-экономист болып бастаған. Осы жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маманы, басшының орынбасары, Көксу аудандық қаржы бөлімінің басшысы, Текелі қаласы экономика және қаржы бөлімінің бастығы, Текелі қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында қызмет етті. 2023 жылдың мамыр айынан бастап Жетісу аудандық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Бұған дейін Жетісу облысы әкімінің орынбасары болған Әлібек Жақанбаев енді облыс басшысының бірінші орынбасары қызметін атқаратын болды.