Қызылорда облысында кен орнындағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

Ғалиасқар Думан

Қызылорда облысында “Ақшабұлақ“ кен орнындағы өртке байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Polisia.kz

ІІМ мәліметінше, 19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында “Ақшабұлақ” кен орнында цистерна жарылып, өрт болды. Салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды.

“ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайлар анықталуда”, – деп хабарлады министрлік. 

Айта кетейік, 3 тамызда Жаңа Жамбыл фосфор зауытында жарылыс болып, екі жұмысшы зардап шекті.