Боранбаев ісі: кәсіпкер кінәсін мойындап, залалды өтегісі келетінін мәлімдеді

Ғалиасқар Думан

Астана қалалық сотында Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша апелляциялық келісім қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот процесі бірінші сатыдағы ережелер бойынша апелляциядан өтті.

Іс жүргізу келісімінің бастамашысы – Боранбаев. Өзге сотталушылар Наханов пен Жанұзақов оған қосылатындарын мәлімдеді.

"Өтініш кінәні мойындау туралы іс жүргізу мәмілесін жасасу және қылмыстық іс бойынша залалды өз еркімен өтеу мәселесі бойынша қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтасу ниетінен тұрады", — деді  Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин.

Өтінішті барлық қорғаушылар қолдады.

Аталған мәселе келесі отырыста қаралады, бірақ отырыс қай күні өтетіні белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Боранбаевтың сенімді өкілі Роман Наханов, сондай-ақ "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақта  8 жылға сотталды.

Үйқамақта болған Жанұзақ сот залында қамауға алынды.