Жарықтың жиі сөнуіне наразылық білдірген астаналықтар жолды жауып тастады

Ғалиасқар Думан

Электр энергиясының жиі сөндірілетініне наразылық білдірген Астана тұрғындары пикетке шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Жергілікті тұрғындар биліктің назарын аудару үшін жолды жауып тастады.

Әлеуметтік желілердегі кадрларға қарағанда, бұл көліктердің кептелісін тудырып, жолда айқай-шу шыққан.

Айта кетейік, 21 тамызда дәл осындай проблемаға байланысты Ақтау тұрғындары да жолдарды жауып тастаған.

Ал шілдеде жарықсыз қалған Қонаев тұрғындары да дәл осылай наразылық білдірген.