Елордада бір айлық жауын-шашын мөлшері бір кеште жауып, қала көшелерін су басты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, кеше Астанада жауған жауын-шашынның мөлшері айлық нормадан асып кетті: айлық норма 31 мм болса, 24 тамызда 42 мм жауын-шашын жауды.
Су басқан негізгі учаскелердің бірі – Ұлы дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары салынып жатыр, жоба әлі аяқталған жоқ.
Әкімдік қала бойынша 100-ден астам техника (ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар) жұмылдырылғанын, 200-ден астам проблемалық учаскеде су тасқыны мәселесі шешілгенін мәлім етті.
Айта кетейік, бұдан бұрын нөсерден кейін Алматы көшелері де су астында қалған.