Шавкат Мирзиёевтің қызы президент әкімшілігіндегі ең жоғары лауазымға тағайындалды

Ғалиасқар Думан

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қызын өзіне көмекші етіп тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

instagram/saida_mirziyoyeva

Бұл туралы Өзбекстан басшысының ресми сайтында хабарланды.

Сайттағы хабарламаға сүйенсек, Саида Шавкатқызы Мирзиёеваның президент көмекшісі болып тағайындалғаны жарияланған.

Саида Шавкатқызы - өзбек басшысы Шавкат Мирзиеевтің үлкен қызы.

1984 жылы 4 қарашада Өзбек КСР Қоқан қаласында туған.

2019 жылы ол Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылдан бері президент әкімшілігінің байланыс және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі қызметін атқарған.

Айта кетейік, шілдеде Өзбекстанда президент сайлауы өтіп, Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысы болып қайта сайланған.