Путиннің баспасөз хатшысы "Вагнер" ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің өліміне Ресей басшысының қатысы бар деген айыптауларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еске салайық, 23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысы маңында жеке меншік Embraer ұшағы апатқа ұшырап, он адам қаза тапты. Оның ішінде «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушысы әрі көшбасшысы Евгений Пригожин де бар.
Ресейде ғана емес, әлем елдерінің көпшілігінде Пригожиннің өліміне Владимир Путиннің қатысы бар деген пікір желдей есіп тұр. Ресей басшысының баспасөз хатшысы мұндай айыптауларды "жала" деп атады.
"Бұл жерде, мәселені тек фактілерге негіздеу қажет. Әзірге нақты дерек жоқ. Ол қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері барысында нақтыланады. Кеше осы тақырыпта сөз қозғаған президент тергеудің жақын арада аяқталатын, нәтижелерін күтіп отырғанын жеткізген еді. Тергеудің ресми қорытындысы жарияланады", - деді Песков.
Айта кетсек, бұдан бұрын Украина президенті Владимир Зеленский заявил «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожиннің өліміне Украинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеген.