АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауытында алапат өрт шықты

Ulysmedia

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Гарривилл қаласында орналасқан Marathon Petroleum мұнай өңдеу зауытында алапат өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қала билігі тұрғындарды өрт орнынан 3 шақырым радиуста эвакуациялау туралы шешім шығарды, ал жалын қазірдің өзінде ғарыштан да көрінеді, деп мәлімдеді CNN.

Компания өкілдері өрттің локализацияланғанын, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін айтты. Өрт сөндірушілер өртпен белсенді күресіп, ауадағы улы заттардың концентрациясын өлшеуде.