Павлодар облысында екі баласы бар ана суға батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Павлодар облысының Павлодарское ауылында құтқарушылар Ертіс өзенінен 1980 жылы туған ана мен алты және тоғыз жастағы екі баланың мәйітін шығарды.
Сағат 21:40 шамасында олар «ВАЗ-2109» автокөлігінде отырып, өзенге аударылып, өздігінен шыға алмай қалған.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, бұған арналмаған жерлерде шомылу қауіпті екенін ескертеді.