Ақтауда үстіне диван құлап кеткен ер адам көз жұмды

Ulysmedia

Ақтауда осы жылдың қаңтар айында алтыншы қабаттан үстіне диван құлап кеткен ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды. Қаралы хабарды оның ағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Туыстарының айтуынша, ол 26 тамызда ағасының қайтыс болғанын дәрігерлерден білген.

"Германия мен Ресейден мамандарды шақыруға тура келді, өйткені төсек жарасы асқынып кеткендіктен Қазақстаннан бірде-бір дәрігер қабылдамады. Бармаған жеріміз жоқ", - дейді марқұмның 39 жастағы ағасы.

Оқиға 2023 жылдың 11 қаңтарында болған. Қылмыскер әлі табылмады.