Елімізде жол апатынан қаза тапқан балалар саны күрт өсті

Ғалиасқар Думан

Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болған балалардың саны 38%-ға өсті. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

aktobetimes.kz

«Жыл сайын жұртшылықпен жүргізілетін түсіндірме жұмыстарына қарамастан, біз балаларға қауіп төндіретін ескі проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Бұл - жол-көлік оқиғалары. Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны - 9%, зардап шеккен балалардың саны 15% төмендеген. Бірақ жол-көлік оқиғасында қаза болған балалардың саны 38% өсті», - деді ол ІІМ-де өткен брифингте.

Боранованың дерегінше, зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, қалғаны жаяу жүргіншілер.

Айта кетейік, жуырда Маңғыстауда жол апатынан бес бала көз жұмды.