Көбік кешінде ток соққан қызды астаналық дәрігерлер емдейді

Ulysmedia

Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыздың ата-анасының үндеуі әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Олар мамандарды елордадан шақыруды ұйымдастыруды сұраған.

«Қостанай облысы әкімдігі ұйымдастырған көбік кеші кезінде қызымызды ток соқты. Президенттен, Денсаулық сақтау министрлігінен Қостанайға білікті дәрігерлерді жіберулерін сұраймыз. Қызымыздың жағдайы ауыр. Оны тасымалдау мүмкін емес. Көмек берсеңіздер», – дейді ата-аналар.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі күнделікті телемедициналық кеңестерді Университеттің медициналық орталығының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандары жүргізетінін мәлімдеді.

2023 жылдың 30 тамызында Астанадан республикалық мамандардың (реаниматолог, нейрохирург) жеке консультация және баланың жағдайын бағалау үшін рейсі жоспарланған.

Оқиға 25 тамыз күні Ұзынкөл ауылының орталық алаңында Жастар күнін тойлау кезінде болған.