Қырғыз президенті көріпкелдік қасиеті бар екенін айтты

Ulysmedia

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров болашақты болжайтын қабілеті бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Ол Чолпон-Атадағы «Ақылман» президенттік лицейінің ашылу салтанатында осындай екіұшты мәлімдеме жасады.

“Менің мақтанғаным емес. Менің бір қасиетім бар: 20-30 жыл бойы еліміздің не болатынын, қандай жолмен жүретінін болжау. Менің болжамдарым қай кезде де орындалады. Мұндай қсиетті маған Құдай берген болуы керек. Шындығында, әркімде мұндай қасиет бар. Қазіргі кезде болып жатқан ахуалды сараптай отырып, болашақты болжауға болады», - деді президент.

Бұған дейін Бішкекте адам өлтіргені үшін іздеу жарияланған қазақстандық ұсталған.