Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған Германия азаматы куәлігінен айырылып, әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде орын алған. Полицейлер Тереңкөл ауылында Lexus RX 300 көлігін тоқтатқан.
Рөлде Германия азаматы болған. Ол медициналық сараптама көрсеткендей, орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Сот құқық бұзушыны 15 тәулікке қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды.