Таиландта 18 жастағы қазақстандықтың денесі табылды

Ulysmedia

3 қыркүйек күні таңертең Таиландтағы Най Янг жағажайынан 18 жастағы қазақстандықтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты ақпаратты растап, бұдан бұрын 1 қыркүйекте жас жігіттің жоғалып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені туралы ақпарат түскенін мәлімдеді. Тергеушілер бұл қайғылы өлімнің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізеді.

"Таиландтық құтқарушылар екі күндік іздестіру жұмыстарынан кейін 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Марқұмның ата-анасы Пхукетке жетіп, ертең оларды анықтау рәсіміне қатысады", - делінген хабарламада.

Турист жоғалған күні басталған іздестіру-құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты, күшті толқын туып, жаңбыр жауып кеткен соң тоқтатылған.