Ұлттық банктің жаңа басшысы базалық мөлшерлеме туралы мәлімдеме жасады

Аян Өрібай

Сенаттан Ұлттық банк төрағасы болып кандидатурасы мақұлданып шыққан Тимур Сүлейменовке Ulysmedia.kz сұрақ қойып үлгерді. 

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ғалымжан Пірматовтың тұсында экономистердің кейбірі базалық мөлшерлемені төмендету керек деген еді. Қазір ҰБ басшылығына келген Сүлейменовтың позициясы қандай? Бұл сұраққа Сүлейменов былай дейді.

«Біздің экономикамыздың ең қауіпті процесі – инфляция. Онымен күресумен қатар, төмендету керек біріншіден. Ол талап бар болса, мөлшерлемені төмендетуге болады. Егер президенттен келісім бар болса, бірнеше аптадан кейін (...) Мен сіздерді жеке шақырып сұхбат берем», - дейді ол.

Айта кетейік, тамызда  Ұлттық банк 3 жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендеткен болатын.