Молдова газ жағдайына байланысты «дабыл режимін» жариялады

Ulysmedia

Премьер-министрдің орынбасары, Молдова инфрақұрылым министрі Андрей Спыну Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия газ нарығындағы жағдайға байланысты елдегі энергетикалық секторға «дабыл режимін» енгізу туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ria.ru-дың мәліметінше, 1 қазанда «Газпром» компаниясы Молдовамен газ жеткізуге келісімшартты бір айға ұзартты, ал жанармай бағасы 1000 текше метр үшін 790 долларға дейін көтерілді. 2021 жылы Молдовада газды сатып алудың орташа жылдық бағасы – 200 доллар. Ұзақ мерзімді келісімшарт жасау туралы келіссөздер жалғасуда. «Молдовагаз» компаниясы 6 қазанда Молдовада газды тұтыну Ресейден келетін отыннан уақытша асып түсетінін, бұл электр энергиясымен қамтамасыз етуде проблемаларға әкелуі мүмкін екенін хабарлады. Министрлер кабинетінің бастамасымен энергетика саласындағы проблемаларды талқылау үшін төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия шақырылды.

«Төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында газ саласындағы жағдайға байланысты ескерту жарияланды, біз кез келген жағдайға дайын болуымыз қажет. Бұл режим мемлекеттік институттар азаматтарды қорғау және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы үшін қажет», - дейді Андрей Спыну.