Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
1998-1999 жж. – ҚР статистика агенттігінің сараптама және жағдаяттық зерттеулер басқармасының бас маманы.
1999-2001 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі консультанты.
2002-2003 жж. - қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы филалдың директоры, «Медикус Центр» ЖШС БК-ның батыс өңірі бойынша директоры.
2003-2006 жж. – қаржы департаментінің директоры - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма мүшесі.
2006-2007 жж. – ҚР қаржы министрлігінің жиынтық-сараптау департаменті директоры.
2007 ж. –«ҚазАгро»Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның басқарушы директоры.
2007-2009 жж. – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқармасының төрағасы.
2010-2012 жж. – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық құқық бұзушылықты зерттеу орталығы» РМК бас директоры.
2012-2013 жж. - «Мұнай-газ инжиниринг және ақпараттық технологиялары ҚБТУ институты» ЖШС бас директоры, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ.
2013-2016 жж. -«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2016 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың қаңтары аралығында - ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылдың қаңтар-сәуірі - Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы.
2019 жылдың 4 сәуірінен - «ҚазАгро»Холдинг» АҚ басқарама төрағасы.
2021 жылдың наурыз-сәуір - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісі орынбасары міндетін атқарушы.
2021 жылдың 12 сәуірінен бастап - Қазақстан Республикасы қаржы вице -министрі.
2021 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі - Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2021 жылы 1 қыркүйектен бері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті.
2023 жылғы 4 қыркүйекте қызметінен босатылды.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысын басқарған Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындалды.