Астананың автобус парктері еңбек заңнамасы талаптарын өрескел бұзған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана прокуратурасының мәліметінше, қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағатты құраса, автобус парктерінің жүргізушілерінде жұмыс аптасының ұзақтығы орта есеппен 91 сағатты құраған, яғни 2 еседен асып, жүргізушілердің де, жолаушылардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
“Осыған байланысты, Сарыарқа ауданының прокуратурасы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, автобус парктері басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада автобус жүргізушісі рөлде есінен танып, көз жұмған.