"Тексеру тізілімге енгізілген тұлғаның активіне қатысты мұндай тұлғаның активтерді ашу туралы декларацияны ұсыну бойынша өз құқығын іске асырғанына қарамастан жүргізіледі", – делінген құжатта.
Тексерудің мақсаты – активті иемдену көздерінің (пайда болу) заңдылығын зерттеу, заңсыз сатып алу, оның ішінде активті шығару фактісін растау немесе теріске шығару.
Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның прокуроры тексеруші болып есептеледі.
Баянатта:
- баянат беріп жатқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) күні, және лауазымы;
- баянат беру күніндегі жағдай бойынша қалыптастырылған субъектіге және оның үлестес тұлғаларына арналған досье материалдарының қысқаша мазмұны;
- комиссия отырысы хаттамасының нөмірі мен күнін көрсете отырып, субъектіні және оның үлестес тұлғаларын тізілімге енгізу туралы мәліметтер;
- адамның оны тізілімге енгізу туралы хабарламасы туралы мәліметтер;
- баянат беру күніндегі жағдай бойынша активтерді ашу туралы декларацияны ұсыну немесе ұсынбау туралы мәліметтер;
- иемдену заңдылығына қатысты тексеру жүргізу жоспарланып отырған тізілімге енгізілген тұлғаның активі;
- иемдену заңдылығы тексеру пәні болып табылатын активті сатып алудан басталатын, сондай-ақ пайдаланудан немесе өткізуден түскен кірістер иемдену заңдылығы тексеру пәні болып табылатын активті иемдену үшін пайдаланылған өзге де активтерді (бастапқы активтерге дейін) иемдену басталатын уақытша кезеңді қамтуы мүмкін тексеру кезеңі;
- тексеріс жүргізу мерзімі қамтылады.
Тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарылады, ол мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы прокуратура органдарының ведомствосында тіркеледі.
Тексеру жүргізу туралы қаулыда:
- нөмірі, күні, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның атауы, қаулыға қол қойған басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы, тексеру негіздері;
- тексеру тағайындалған актив туралы деректер, оның орналасқан жері, активтің меншік иелері, сенімгерлік басқарушылары, пайдаланушылары болып табылатын субъектілердің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);
- тексерілетін кезең көрсетілген тексеру нысанасы;
- тексеру тапсырылған лауазымы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, және оған тартылатын мамандар туралы мәліметтер;
- тексеру жүргізу мерзімі (заңда көзделген күндер саны);
- иемдену көздерінің заңдылығына қатысты тексеру тағайындалған активтің меншік иесі, сенімгерлік басқарушысы, пайдаланушысы болып табылатын субъектінің құқықтары мен міндеттері;
- қаулыға қол қоюға уәкілетті адамның қолы қойылады.
Тексеруді тексеру жүргізу туралы қаулыда көрсетілген адамдар ғана жүргізеді.
Бас прокуратура әзірлеген бұйрық жобасы 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылды.