Лукашенко Тоқаевты Қырғызстан президентімен шатастыра жаздады

Ulysmedia

Минскте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы онлайн режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Отырыста сөз бастаған Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінен кейінгі кезекті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. Алайда сөз берер кезде Лукашенко шатасып қалды.

«Назарларыңызға рахмет! Біздің одақ жұмысының тәртібіне сәйкес, келесі сөзді Қырғызстан президентіне... Қазақстан президенті Тоқаев мырзаға беремін», - деді Александр Лукашенко.

Алайда бұл сөзіне Қасым-Жомарт Тоқаев реакция білдірген жоқ. Сәл жымиып, сөзін бастап кетті.

Мұндай жағдайлар Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте сирек бола да кездеседі. Биылғы отырыстардың бірінде Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан президентіне «Рахмет, сізге, Қасым-Жомарт Тоқаевич» деген еді. Оған жауап ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Сізге де рахмет, Николай Воваевич» деп жауап берген болатын.