Бұған дейін Қазақстанда тіркелген кейбір компаниялар Ресейге санкциялық тауарларды тасып жатқаны белгілі болған. Сауда және интеграция министрлігі сол компанияларға қандай да бір шара қабылдады ма? Бұл сауалға вице-министр Қайрат Төребаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Біздің министрлікте осы бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған жұмыс тобы бар. Жұмыс тобында барлық санкцияларға қатысты мәселе талқыланады. Әр компанияны тексеріп жатырмыз. Қазақстанға қатысты екінші деңгейді санкциялар салынған жоқ. Сол себепті, демек, біз бұл жұмысты дұрыс атқарып жатырмыз деп мен пайымдаймын”, – дейді министрдің орынбасары.
Ал "жалпы қандай да бір компанияларға шара қабылданды ма” деген сұраққа Төлебаев тексеріс бір күндік жұмыс емес екенін, әр компания тексеріліп жатқанын айтты.
Айта кетейік, бұдан бұрын Еурокомиссия Қазақстан және Түркия тасымалдаушыларының 22 тамызда 2021 жылы енгізілген демпингке қарсы баждарды және 2022 жылы белгіленген ресейлік компанияларға қатысты санкцияларды айналып өту ықтималдығына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеген.
Сондай-ақ, жуырда Швеция Ресеймен көршілер елдер санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп күдіктенетіні хабарланған.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров біздің еліміздің де санкцияға іліну мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген.