Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді адамдар саны шамамен 36 мыңға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
"Бірқатар шетелдік ғылыми зерттеулерге сәйкес, әлемде лудоманияның таралуы жер шарындағы ересек тұрғындардың шамамен 3%-ы деп бағаланады, шамамен 12,5%- ы үнемі ойнайды. Сонымен қатар лудоманияның клиникалық өлшемшарттары бар адамдардың тек 8%-ы өздерін құмар ойындарға тәуелді адамдар деп санайды. Қазақстанға математикалық моделдеу кезінде құмар ойындарға тәуелділікпен байланысты проблемаларды мойындайтын адамдардың саны шамамен 36 мың болды", – делінген хабарламада.
Министрлік тәуелділік профилактикасының ұлттық жүйесінің (химиялық және химиялық емес) жобасын дайындамақ, оның шеңберінде бірқатар іс-шаралар іске асырылмақ. Тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету стигмасын төмендету мақсатында олардың есеп саясатына өзгерістер енгізіледі.
Министр Ажар Ғинияттың айтуынша, қолданыстағы клиникалық хаттамалар, емдеу стандарттары, медициналық көмек көрсету сапасы жеке наркологиялық орталықтарда да қолданылуға тиіс.
Айта кетейік, бұдан бұрын Тоқаев Қазақстанда құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған.