Қазақстанның қай қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды?

Ulysmedia

Қазақстанның бес қаласында ауаның ластануы артады деп болжануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Астана, Петропавл, Қарағанды, Теміртау және Атырау қалаларының тұрғындарын ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтіп тұр.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Ол пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз ауа райында ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе, магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында болмау қажет;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болғаны жөн;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.