Сауда айналымы өсті: Қазақстан ЕАЭО елдеріне не сатады, не сатып алады

Ғалиасқар Думан

Жыл басынан бері Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 16 521,5 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% көбейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы қаңтар-шілдеде тауарлар экспорты – 6 380,4 млн АҚШ доллары (32,3% көп), импорт 10141,1 млн АҚШ доллары (6,3% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Армения үлесі 0,1%, Беларуста – 3,3%, Қырғызстанда – 4,6%, Ресейде – 92%.

«ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,5%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 24,5%», - дейді сарапшылар.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 19,9%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 19,1%.

Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.