«Отдыхай, чабан»: ресейлік топ директоры Астанадағы концерттен бас тарту ұсынысына дөрекі жауап берді

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік желілерде 27 қазанда Астанада өтетін ресейлік «Непара» тобының концертінің жарнамасы таратылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Блогер Алексей Яковлев топ директорына Қазақстанға келуден бас тартуды ұсынғанын айтты.

«Кезекті Z-әртістер Қазақстанға келгісі келеді. Олар ақша тауып, армияға салық төлеуге асығады. Олардың директорының менің WhatsApp ұсынысыма берген жауабын қараңыз. Бұл нацизмнің бір түрі – шовинизм емес пе? Оларды Қазақстанға жібермеуге тырысайық!"- деп жазады блогер.

Хат-хабарларда директор Яковлевтің ұсынысына бір сөйлеммен жауап берген. «Отдыхай, чабан» (демал, шопан) делінген жауапта.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда және Астанада қоғам реакциясынан кейін «Камызяки» концерттері тоқтатылған болатын.