Қазақстан күріш импортын күрт өсірді

Ғалиасқар Думан

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 107,8 мың тонна күріш өндірілген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статбюро мәліметінше, өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті. Бұл ретте импорт өнімінің үлес салмағы 15% құрады.

“Бұл ретте күріш экспорты да 9,9%-ға, 69,8 мың тоннаға дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-шілде – 63,5 мың тонна). Биылғы 7 айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7% кем”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы су шаруашылығының жағдайы күрделі болды. Осы орайда журналистер ауыл шаруашылығы министрлігі күріш бағасы қаншалықты қымбаттауы мүмкін екенін айтқан.