Павлодар облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Ғалиасқар Думан

Әбілқайыр Сқақов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ortalyq.kz

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. «Экономист және қаржыгер» (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті), «Заңгер» (Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты) және «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті) мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.

1995 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар және Қостанай облыстарының салық органдарында жұмыс істеді. 2006–2008 жылдар аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2012-2016 жылдары Қаржы министрлігі жүйесінде, оның ішінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. 2016-2019 жылдар аралығында Әбілқайыр Сқақов Қорғаныс министрінің орынбасары ретінде қаржы және экономика мәселелерін басқарды, одан кейін Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы, 2020-2022 жылдары Павлодар облысының әкімі болды.

Еске салайық, Сқақов өткен жылдың соңында Екібастұз жылу орталығында апат болып, тұрғындар қақаған аязда жылусыз қалғаннан кейін қызметінен босатылған болатын.