Бүгін, 22 қыркүйекте iPhone смартфондарының жаңа буынын сату басталады. Жақын арада Қазақстанда да жаңа 15-ші үлгі қолжетімді болады. Көптеген интернет-дүкендерде телефонға алдын-ала тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болды. iPhone 15-ті алғашқылардың бірі болып алу үшін қазақстандықтарға қомақты ақша төлеуге тура келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әзірге жаңа смартфондардың Pro және Pro Max үлгілері ғана қолжетімді. Жады 128 гигабайт болатын ең қарапайым нұсқасы үшін бағалар 1 млн 250 мың теңгеден басталады және PRO Max максималды нұсқасы үшін 1 млн 500 мыңға дейін жетеді .
Айта кету керек, АҚШ-та iPhone 15-тің базалық үлгісінің бағасы 799 АҚШ долларынан (380 мың теңге) және Pro нұсқасының құны 999 доллардан (475 мың теңге) басталады.