Жаңа ауруханалардың орнына танктер: Ресей 2024 жылы әскери шығынды екі есеге арттырмақ

Ulysmedia

Келесі жылы Ресей Федерациясының тарихында алғаш рет армияға жұмсалған қаражат зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді қамтитын қажеттіліктерге жұмсалатын шығындардан асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Reuters

Ресей билігі қорғаныс шығындарын 2024 жылы ішкі жалпы өнімнің қазіргі 3,9 пайызынан 6 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр. Абсолютті мәнде қорғаныс шығындары 6,4 триллионнан 10,8 триллион рубльге дейін көбейеді. Сонымен бірге, соғысқа дейінгі 2021 жылы Ресей Федерациясында қорғаныс шығындары 3,6 триллион рубльді құраған.

Әлеуметтік саясатқа келетін болсақ, келесі жылы бұл бағытта елде 7,5 триллион рубль жұмсау жоспарланған. Бұл – 2023 жылғы бюджеттен 1 триллион рубльге артық.

Сонымен қатар, Кремль ұлттық қауіпсіздікке жұмсалатын шығындарды сәл ұлғайтуды көздейді. Бұл ретте білім мен денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындары бір деңгейде – тиісінше 1,5 және 1,6 триллион рубль күйінде қалдырады.