Жер бөлудегі алаяқтық: Атырауда экс-шенеуніктер қамауға алынды

Ғалиасқар Думан

Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Облыстық прокуратура мәліметінше, лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдіктенуде.

“Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын игерілмей жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері жарияланған.