Блогер Тоқберген Әбиевтің апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарылды

Ғалиасқар Думан

Астана қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде бопсалау фактісі бойынша сотталған Т.Әбиев пен оның адвокатының апелляциялық шағымдарын қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Апелляция алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Токберген Әбиев жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол кәсіпкердің ақпаратын бұқаралық ақпарат құралдарында таратамын деген қоқан-лоқымен 50 млн теңге алған.

Тоқберген Әбиев – "Заң және сот төрелігі" газетінің бұрынғы басшысы. 2008 жылдың мамырында ол қаржы полициясының қызметкеріне сот органдарының қызметкерлерін ұстап беретін материалдар ұсынуы үшін $1600 және 50 мың теңге пара бергені үшін сотталды. Әбиев түрмеде 3 жыл отырды. 2018 жылы ол көпшілік алдында сөйлеген сөзінде өзгенің ар-намысына нұқсан келтіргені үшін бір жылға қамалды.