Қазақстанның ұрлық ең көп жасалатын өңірлері аталды

Ғалиасқар Думан

Елімізде биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ұрлық 28,2%-ға төмендеген. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы 42 752 іс жасалса, биыл қылмыс саны біршама азайып, 30 173 іс тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратура деректеріне сүйенсек, аймақ бойынша ең көп ұрлық дерегі Алматы қаласында тіркелген.

Атап айтқанда:

  • Алматы қаласы – 7154;
  • Астана қаласы – 3541;
  • Алматы облысы – 2197;
  • Қарағанды облысы – 2114;
  • Қостанай облысы – 1519;
  • Ақтөбе облысы – 1413;
  • Шымкент қаласы – 1447.

Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Олардың басым бөлігі мына өңірлерде тіркелген:

  • Алматы қаласы – 2287;
  • Астана қаласы – 844;
  • Алматы облысы – 576;
  • Қарағанды облысы – 527;
  • Ақтөбе облысы – 424;
  • Абай облысы – 431;
  • Шымкент қаласы – 467.    

Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.  

Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%-ды құрайды.

Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі мына өңірлерде тіркелген:

  • Алматы облысы – 172;
  • Батыс Қазақстан облысы– 124;
  • Түркістан облысы – 124;
  • Жетісу облысы – 93;
  • Жамбыл облысы – 68;
  • Абай – 66.