Келісім 19 жыл бұрын жасалған: Қазақстан Байқоңырды жалға беру ақысын өсіре ме

Ғалиасқар Думан

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Ресей үшін Байқоңырды жалдау ақысы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Яғни, Қазақстан айлақты жалға беру ақысын өсірмейді.

"Біріншіден, оны басқа нәрсемен салыстыру өте қиын. Бұл бір елдің ғарыш айлағын басқа елдің жалға алуы – бірегей жағдай,  басқа еш жерде мұндай жоқ. Бағаның қаншалықты әділ екенін айту үшін салыстыратын нәрсе жоқ. Екіншіден, келісімдегі баға доллармен қарастырылған, сондықтан егер бізде төлемдер ұлттық валютада болса, онда қолданыстағы бағамға тең. Бұл да индекстеудің бір түрі", - деді ол.

Оның айтуынша, келісім 1994 жылы доллар бағамы мүлдем басқа болған кезде жасалған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан “Роскосмостың” еншілес кәсіпорнынан 13,7 млрд теңге өндіріп алатыны хабарланған.

Ресейлік кәсіпорын бұл қаражатты «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнынан келісімшарт бойынша алғанымен, уәде етілген жұмыс көлемін орындамаған.