Қарағандыда қорғаныс тетігінің іске қосылуынан ЖЭО-3-те технологиялық апат болды, салдарынан 220 кВ-тық ашық тарату құрылғысы тоқтап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қала тұрғындарының басым бөлігі жарықсыз қалды. Нақты қанша абонент электр энергиясынан ажырап қалғаны белгісіз.
«Апаттың себебі мен мән-жағдай анықталып жатыр, сондай-ақ жарықсыз қалған абоненттер саны да нақтылануда», - деп мәлім етті қала әкімдігі.
Айта кетейік, 12 тамызда МАЭК-те кезекті апат болды. Салдарынан үшінші энергоблок өшіп қалды. Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары жарықсыз қалды.
Одан бұрын 3 шілдеде МАЭК-те №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтап қалған болатын. Апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы да тоқтады.