Ақмолада 30 мың гектардан астам жайылымдар мұқтаж ауылдарға берілмеген

Ғалиасқар Думан

Ақмола облысының Атбасар ауданында 30 мың гектардан астам жайылымдық жердің заңсыз бөлінгені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Облыстық прокуратура мәліметінше, жыл басынан бері Атбасар ауданында жайылымдар тапшылығы 25 ауылдық елді мекенде 33,9 мың гектарды құраған.

Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспар бойынша Шұңқыркөл және Тельман ауылдық округтерінде 33,5 мың гектар көлемінде жайылымдық жерлер бөлінгендігі анықталды. Алайда, бұл жайылымдар мұқтаж ауылдарға берілмеген.

- Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 18 ауылға халықтың жеке мал жаю қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауданы 30 мың гектардан асатын шалғай жайылымдар берілді. Бұдан бөлек, босатылған жерлер есебінен жайылымдардың қалған тапшылығын жою бойынша шаралар қабылдануда, - деп мәлім етті прокуратура.

Еске салайық, жуырда Бурабайда 285 млн теңгенің жайылымдары мемлекетке қайтарылды.