Испания билігі ата-аналарды балаларын «Кальмар ойыны» дорамасын көруден қорғауға шақырды, себебі онда көрсетілетін ойындарды балалар қайталайтыны туралы көп шағым түскен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ria.ru-дың мәліметінше, Оңтүстік Корея телехикаясы көптеген елдерде, соның ішінде Испанияда көрсетіле бастағаннан кейін,кішкентай балалар «Кальмар ойынындағы» ойындарды ойнай бастаған. Мұғалімдер, мектеп әкімшілігі мен билік ата-аналарға бұл дораманы балаларына көрсетуге болмайтынын ескертті.
«Бұл телехикая 16 жастан асқандарға көруге арналған. Одан кішкентай балалардың бұл дораманы көрмеуін ата-аналары қадағалауы керек. Дораманы өзім де көрдәм және бұл 12 жастағы балаларға арналмағаны анық. Кішкентай балалардың бұл дораманы көрмеуін отбасы мүшелері қадағалауы керек», - дейді Мадрид қауымдастық мәдениеті жөніндегі кеңесшісі Марта Ривера де ла Круз.