Күдікті жоқ – ІІМ Алматының жекеменшік мектебінде оқушының зорлануы жайлы

Ғалиасқар Думан

ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы халықаралық жекеменшік мектепте баланы зорлау фактісі бойынша іс тіркелгенін, тергеу басталғанын мәлімдеді. Алайда ол күдіктілердің кім екенін айтқан жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото

"Бұл жағдай ЕҚДБ-да тіркелген, сондықтан сотқа дейінгі тергеу басталды. Мен тергеу барысы туралы түсініктеме бере алмаймын. Процессуалдық заң бұған тыйым салады. Сондықтан тергеу нәтижелерін күтейік. Күдіктілер әлі анықталған жоқ, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Қожаев Үкіметтегі брифингте.

Еске салайық, Алматыдағы халықаралық мектептің бірінде жеті жасар баланы зорлаған. Бұл туралы баланың анасы “Немолчи” қорына мәлімдеген.

"Оның ұзақ уақыт бойы бұқаралық ақпарат құралдарына баруға батылы жетпеді. Жария болғанын қаламады. Екі апта өтті. Осы екі апта полицияның тергеуді қалай жүргізетінін, сараптамаға нұсқауды қалай беретінін және осы сараптаманы қалай жүргізетінін білуге жеткілікті болды", – деп хабарлады қор Instagram-дағы парақшасында.