"Күнделікті 3% пассивті табыс табасыз": Ақмолада кезекті қаржы пирамидасы анықталды

Ғалиасқар Думан

Ақмола облысында қаржы пирамидасының белгілері бар «Eolus» инвестициялық жобаның бөлімшесінің қызметіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, аталған компания үш ай бойы салымшыларды тарту мақсатында өз қызметін жасаған.

«Eolus» өзін шет елдерде орналасқан жаңартылатын энергия көздерін, жел электр генераторларын енгізумен айналысатын компания ретінде көрсетті. Бұл жобаны ұйымдастырушылар өз бизнесінің жоғары табыстылығы туралы презентациялар жасай отырып, азаматтарды салым сомасының 3% көлемінде пассивті күнделікті кіріс алуға уәде бере отырып, ақша салуға сендірген», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағандыда бұрын сотталған әйел желіде қаржы пирамидасын құрғаны анықталды.