Батыс Қазақстандағы ауылдардың бірі жойылады

Ғалиасқар Думан

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты Сұлусай ауылы ел картасынан жойылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото: halyq-uni.kz

Әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешімі Ашық НҚА порталында жарияланды.

«Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің Сұлусай ауылы оның аумағы Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, таратылсын. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы және шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген құжатта.

Қаулы 17 қазанға дейін талқыланады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның үш қаласы ауылға айналатыны хабарланған.