Азия ойындары: Грек-рим күресінен ел қоржынына күміс медаль түсті

Ғалиасқар Думан

ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарын екінші орынмен аяқтады. Журналист Бек Төлеуовтің жазуынша, көзіне операция жасатқан Мейіржанға финалда жарақаты да маза бермеген. Спортшы күміс медаль иеленді.