Астана әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылады

Айнель Аянова

Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 — 17:20 аралығында жабылатынын хабарлаймыз. Әуежайдың жабылу себебі — ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстары» деп мәлім етті компания.

Ағымдағы ұшу уақыты/күні туралы мәлімет жолаушыларға билет брондау кезінде көрсетілген телефон нөмірі мен электронды поштаға жеке хабарлама арқылы жіберілетіні ескертілді.

«FlyArystan Астана қаласының әуежайын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жұмыстарын қолдайды, бірақ бұл өзгерістер жолаушылар жоспарына әсер ететініне өкініш білдіреді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Орал әуежайы рейстерді қабылдауды тоқтататыны хабарланған.