Каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңді.
Бұл – ел қоржынына түскен тоғызыншы алтын жүлде.
Еске салайық, бұдан бұрын каратэден 75 келі салмақта бақ сынаған Нұрқанат Әжіқанов та алтын медальға қол жеткізген. Әжіқанов ақтық сында Хасан Масарвехті (Иордания) 8:0 есебімен жеңді.