Ауғанстандағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Ulysmedia

Ауғанстандағы жер сілкінісі салдарынан екі мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

47news

Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) таратқан ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты.

Жер сілкінісі Астана уақытымен 13:13-те болды. Сейсмикалық оқиғалардың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1521 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13,9 және магнитудасы MPV 6,4, тереңдігі 10 километр болды. Ешқандай елеулі әсерлер хабарланбаған.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін хабарлап, алматылықтар әкім Ерболат Досаевқа көпқабатты үйлерді бұзуды ұсынған болатын.