Әлемде алғаш болып ғарышқа ұшқан киноэкипаж Жерге оралды

Ulysmedia

«Вызов» атты көркем фильмнің эпизодтарын түсіру үшін ғарышқа аттанған ресейлік киноэкипаж 12 күннен кейін Жерге қайтып оралды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ria.ru-дың мәліметінше, режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд «Союз МС-18» ғарыш кемесінде ғарышкер Олег Новицкиймен бірге ғарышқа қайта ұшады.  

Киноэкипаж кемесі халықаралық станциядан ұшып, жерге қайтып оралды. Ғарыш кемесі Қазақстанға Жезқазғаннан 148 шақырым жерде қонды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-19» ғарыш кемесімен МКС-66 экипажы ғарышқа ұшатыны туралы жазған болатынбыз. Ресейлік режиссер онда "Вызов" атты киноның эпизодтарын түсіруді жоспарлап отыр. Фильм ғарышкерді құтқару үшін Халықаралық ғарыш станциясына баратын дәрігер әйел туралы болмақ.