Қазақстандық диқандар биыл барлық өнімінен айырылуы мүмкін

Ғалиасқар Думан

Бұл маусымда Қазақстанда өз комбайндары жоқ шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары егін жинауға әлі кіріскен жоқ. Егер олар күн суытқанға дейін жинап үлгермесе, еккен егінінен айырылу қаупі бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  ElDala.kz-ке сілтеме жасап.

көрнекі фото

Әдетте мұндай шағын шаруа қожалықтары ірі қожалықтардың егін жинап болғанын күтіп, олардан комбайндарды жалға алады.

Алайда, биылғы маусымда Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлеріндегі ірі фермерлік қожалықтар қыркүйек айының соңында, үш апталық жаңбырдан кейін топырақ құрғаған кезде ғана егін жинауға толыққанды кірісті.

Қазан айының басында бүкіл ел бойынша егістіктердің шамамен 70%-ы бастырылды. Егін жинау науқаны қазан айының екінші онкүндігінің соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Дәл сол кезде шағын шаруашылықтар көршілерінен комбайндарды жалға ала алады.

Айта кетейік, бұдан бұрын ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл дәнді дақылдардың өнімділігі төмен екенін мәлімдеген. Министрдің сөзінше, күз басында 3 аптадан аса жауған жауын диқандарға кесірін тигізген.

«Бұл жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, астықтың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді», - деді ол.