Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Ulysmedia

ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады.

«Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.