Ұлттық валютаның аздап нығаюынан кейін доллар мен еуро сауда-саттықта қайтадан қымбаттай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кешегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың ресми бағамы 11 қазанға 477,21 теңгені құрап, 0,19 теңгеге көтерілді.
Ұлттық Банк белгілеген еуро бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 3,44 теңгеге көтеріліп, 505,89 теңгені құрады.
Рубль бағамы – 4,81 теңге.
Юань бағамы 65,41 теңгеге тең.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банк басшысы теңгенің әлсіреу себебін түсіндірген.
Сүлейменовтің сөзінше, бұған бірнеше факторлар әсер етті:
- АҚШ долларының жаһандық нығаюы;
- импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы;
- базалық мөлшерлемені төмендету бойынша қабылданған шешім;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сатуы жөніндегі норма.