Ауғанстанда жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек алып баратын арнайы рейс Герат провинциясына ұшып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.
"Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 тауар бар", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.
Еске салайық, 7 қазанда Ауғанстанның батысында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі болды. Зілзала құрбандарының саны 3 мың адамға жуықтады, 500-ден астам адам із-түссіз жоғалғандар санатында.