Аманаттық депутат Риддер жылу орталығын мемлекетке қаншаға сатты

Ғалиасқар Думан

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддер жылу электр орталығын мемлекет қанша теңгеге сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Министрдің сөзінше, жылу электр орталығының инвесторы Әміржан Нәбиев нысанды мемлекетке 1 теңгеге берген.

«Риддер жылу электр орталығы іс жүзінде бюджет қаражаты есебінен қалпына келтірілді. Нысан инвесторы өз еркімен, Үкімет резерві есебінен бөлінген міндеттерді жабу үшін жылу орталығын мемлекетке 1 теңгеге беру туралы шешім қабылдады», - деді Сәтқалиев.

Энергетика министрінің айтуынша, ЖЭО-ны мемлекетке беру – кәсіпкердің ерікті шешімі. Ол қарыздардың едәуір сомасын, жылу орталығы алдындағы 5 млрд теңгеден астам берешекті өтеген.

Айта кетейік, бұдан бұрын Риддер қаласындағы ЖЭО-ны әкімдіктің коммуналдық меншігіне беру туралы шешім қабылданғаны хабарланған.

Жылу электр орталығы аманаттық депутат Әміржан Нәбиевтің меншігіне шілдеде өткен. Ол нысанның барлық қарыздарын өз қаражаты есебінен жабуға уәде берген болатын.